Академия ғалымы Украинада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

21-22 қыркүйекте Киев қаласында Украинаның ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесіп,«Иммерсивті технологияларды білім беруде қолдану» тақырыбындағы І халықаралық практикалық конференция өткізді.  

Конференция жұмысына әртүрлі мемлекеттің 17 университетінен ғалымдар, зерттеушілер, ІТ мамандар, мұғалімдер қатысты. Конференция барасында иммерсивті технологияларды білім беруде қолданудың технологиялық, психологиялық-педагогикалық, әдіснамалық ерекшеліктері талқыланды.

Конференцияда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, білім беруді цифрландыру лабораториясының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к, доцент М. Мукашева «Results of a study on students’ attitudes to the use of virtual and augmented reality at school» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция барысында иммерсивті технологиялар мен геймификацияның психологиялық әсері туралы пікірталастар өтті.  

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар Киев қаласындағы Иван Кудри атындағы №181 мамандандырылған мектепке барып, «Жаңа Украина мектебі» жобасымен танысты.

Leave a Reply