Болашаққа үмітпен

2021 жылғы 19 мамыр күні №1 «Бәйтерек» балабақшасында «Болашаққа үмітпен» тақырыбында онлайн қалалық семинар-практикум өтті. Іс-шара  мақсаты ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың шығармашылық-коммуникативтік және жалпы қабілеттерін дамыту арқылы жеке тұлғасын қоғамға әлеуметтендіру бойынша іс-тәжірибемен бөлісу.

Семинар барысында педагогтер ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін  командалық жұмыс, түзету-дамыту жаттығуларын көрсетті.

«Ертегілер еліне саяхат», ««Путешествие в королевство Математики»,  «Біз мектепке барамыз», «Путешествие в страну Знаний»    ұйымдастырылған оқу қызметтері, «Скоро в школу», «Сиқырлы сөздер әлеміне саяхат»,  «Различение звучания барабана и бубна», «Здравствуй, Лето!» атты шеберлік сағаттары қызықты ойын түрінде ұсынылды. «Теремок» театрландырылған музыкалық қойылымы арнайы топ бүлдіршіндерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Семинарға кері байланыс берген педагогтер іс-шараның ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, ұсынылған бенероликтердің өзекті, мазмұнды әрі  қажетті екенін атап өтті. Семинар жұмысы санитарлық норма талаптарын толық сақтай отырып жүргізілді.

Leave a Reply