Білімнің алтын көпірі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы өзара әріптестік және серіктестік қарым-қатынас орнату мақсатында «Білімнің алтын көпірі» әдістемелік телекөпірін ұйымдастырды.
         Іс-шара мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 21 қазандағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» Республикалық жобасын жүзеге асыру мақсатында өтті. Жоба оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, ата-аналардың бала тәрбиесіне, яғни баланың әдебиетті оқу ниеті мен үлгеріміне атсалысуына әсер етуді көздейді. 
         Орнатылған келісім аясында тәжірибе алмасу негізінде білім беру технологиялары мен жаңалықтары туралы ақпаратты, әдебиет, оқу құралдары мен ақпараттық материалдарды бөлісіп, бірлескен жаңа форматтағы іс-шаралар мен семинарларды ұйымдастыру жұмысына атсалысатын болады. Сонымен қатар, оқу сауаттылығын қалыптастыру әрі жетілдіру, оқу мәдениетінің деңгейін арттыру, кітап оқуды насихаттау да күн тәртібіндегі мәселе. 
         Республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде әріптестік және секріктестік қарым-қатынасты басқа да аймақтармен орнату жоспарлануда.

Leave a Reply