Вожатый жұмысындағы актерлік шеберлік

2021 жылғы 22 сәуір күні  Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен вожатыйлар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Вожатый жұмысындағы актерлік шеберлік» тақырыбында оқыту вебинары өтті. 
Вебинар барысында Білім басқармасының қосымша білім беру және жасөспірімдерді әлеуметтендіру бөлімінің бас маманы Сулейменова Мадина Тасжановна, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрайымы Садвакасова Динара Тайбасаровна қатысып, мектептегі өзін-өзі басқару жүйесі мен республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының рөлі жайлы сөз сөйледі. Мектеп вожатыйлары оқушыларды шығармашылыққа баулып актерлікке жетелеу бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісіп, вебинар соңында вожатый жұмысындағы актерлік шеберлік бойынша психологиялық тренинг өткізді.
 
#елордалықтәрбие
#елордалықбілім
#білімберудіжаңғыртуорталығы

Leave a Reply