Вожатый жұмысын ұйымдастыру

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары вожатыйларға 2021 жылғы 28 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Вожатый жұмысын ұйымдастыру» атты оқыту семинар өтті.
Семинардың мақсаты: вожатый кәсібінің беделін, олардың кәсіби шеберлігін, педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, балалар қозғалысының тәрбиелік әлеуетін тиімді пайдалану, вожатыйларға консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету, вожатый қызметінің озық тәжірибесін тарату.
Аталған іс – шарада «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрайымы Садвакасова Динара Тайбасаровна қатысты, «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымын ұйымдастыру» туралы толық ақпарат берді. Мухаметжанова Гульсум Асановна, «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының педагог – психологы «Ұжымдасқан ұтады» атты психологиялық тренинг өткізді.
         Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, шеберлік сағаттар өткізілді: «Өзін-өзі басқару ұйымы», «Оқушылардың шығармашылығын шыңдау», «Мектептегі медиаклубы», «Оқушылардың үйірмемен қамтылуы», сонымен мектеп вожатыйларының нормативтік – құқықтық негіздері, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс түрлері туралы айтылды.
Семинар қатысушылары Ахметжанова Ж.С., Данияр Ә.А., Келдібай А.Р., Онгарбаева М.К. өздерінің іс – тәжірбиелерімен бөлісті, мектептегі өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерімен, медиаклуб жұмысының ережелерімен таныстырды. Қатысушылар оларға сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарды талқылады, осылайша семинардың қызықты әрі мазмұнды өтуіне ықпал етті.

Leave a Reply