«Елордалық білім» газеттер мен журналдар номинациясында көш бастады

2021 жылғы 28 маусымда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орайластырылған «Заманауи білім» республикалық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау өткізді.

Шара Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180, Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойын дәріптеуге және білім құндылығын насихаттауға арналған.

Ұйымдастырылған конкурс мынадай номинацияларды қамтыды:

  1. Газеттер мен журналдардағы үздік мақала;
  2. Интернет басылымдағы үздік  жарияланым;
  3. Үздік радиоматериал;
  4. Үздік телевизиялық материал.

Газеттер мен журналдардағы үздік мақала Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының «Елордалық білім» газетінің тілшісі Нұршеков Ерғазы Манапұлының ««Бүгінгінің баласы…», «Мемлекет басшысы елдік мұраттың бағыт-бағдарын айқындап берді», «Баламызды бодандыққа тәрбиелеп жүрген жоқпыз ба?» жобалары лайық деп танылды.

Конкурсқа келіп түскен 44 жұмыстың 39 талапқа сәйкес болып комиссия қарауынан өткен болатын. Айта кетелік, конкурс комиссиясының құрамы сенатор-журналист, республикалық БАҚ өкілдері, радио саласының мамандары, интернет басылым және БАҚ саласындағы қоғамдық ұйым сарапшыларынан құралды.

Leave a Reply