Елшімен кездесу

2021 жылдың 29 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназиясында Қазақстандағы Америка Құрама Штатының Төтенше және Өкілетті елшісі Уйльям Х.Мозермен кездесу өтті. Кездесуге мектеп оқушылары, мұғалімдер, мектеп директорының  орынбасарлары, мектеп директоры Сәуле Ермұханқызы Теменова қатынасты.
Қонақтарды мектептің кіре берісінде ресми түрде екі мемлекеттің туын ұстаған бесінші сынып оқушылары салтанаты түрде күтіп алды. 9-11 сынып оқушылары   қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеп, мектептің ішкі жұмыстарымен таныстырды. Оның ішінде ҚР рәміздері, бастауыш мектеп, инклюзив бағдарламасын қолдау кабинеттері, еліміздің тарихи кезеңдері, ҚР ЮНЕСКО-ның белсенді мектептер құрамының жұмысы туралы, «Дұрыс тамақтану» мектеп жобасы, Этномәдениетті жүргізу экспозиция залында болып, күмбірлеген домбыра үніне қанықты. Кездесу барысында мектеп кітапханасында 10-11-сынып оқушыларымен шағын кездесу ұйымдастырылды. Сұхбат барысында оқушылар әр түрлі еркін тақырыпта елшіге сұрақтар қойды. Оның ішінде саясат, тіл, білім, әлемдегі қазіргі жағдай, еліміз туралы пікірін тыңдап, өз ризашылықтарын білдірді. Сұхбатттан соң «Global scholars» халықаралық жобасының қатысумен елшіге экология тақырыбындағы басылып шыққан кітап сыйға тартылды.

Leave a Reply