Жас педагогтің кәсіби бағдар

2021 жылғы 9 маусымда «Жас педагогтің кәсіби бағдары» тақырыбындағы жас педагогтердің республикалық форумы өтті. Оның жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен 400-ден астам жас педагог қатысты. Форум Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының қолдауымен «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталықтың, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қатысуымен өтті. Форум барысында мәселелер бес пікірталас алаңдарында қарастырылып талқыланды: «Жас педагог: қажеттіліктері, болжамдары, перспективалары», «Тәрбие және әлеуметтену: балалар мен өскелең жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту», «Жас педагогтің өсу сатылары: кәсібилік, құзіреттілік, тиімділік», «Тәлімгерлік -педагогті кәсіби тұрғыда қолдау», «Жас педагогтердің-үздік тәжірибелері» шебер-сыныптары.       

Форумға қатысушылар педагогтің инновациялық идеяларды үнемі іздестіру жолында, білім алушылар үшін ең қолайлы шешімдер қабылдау үшін өзінің кәсіби білімін пайдалануға, өзінің педагогикалық практикасын жетілдіру бойынша жұмыс жасауға тиіс екеніне аса назар аударды. Бүгінгі және болашақтағы заманауи мектептің алдында тұрған көп қырлы міндеттер жас педагогтердің білім беру қызметінің сапасына қол жеткізуге қабілетті кәсіби құзыреттілікті дамытуды талап етеді. Елімізде жұмыс жасайтын жас мамандар жұмысының түрлі аспектілерін қарастыра отырып, форумда жас педагогтер ұсынған бастамаларды одан әрі дамыту маңыздылығын түсініп, мойындайды, осыған орай келесі ұсынымдарды қабылданды.

Leave a Reply