Конкурс өз мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты әдіскерлерді анықтау, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымның әдіскерлері арасында  онлайн-конкурс өткізді.
Сараптамалық комиссия мүшелері әдіскерлердің «Әдістемелік шеберлік» – жобасын қорғау және «Әдіскердің электрондық портфолиосы» жұмысына сараптама жүргізіп, соған сай шешім шығарды. Үздіктердің ішінен үздігін таңдау оңай емес, дегенмен, әр сайыстың өз жеңімпаздары болатынын атап өткен жөн.

Қазылар алқасы сараптамасының қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:
Гран-при – №66 «Толағай» балабақшасының әдіскері Каримова Айжан Куанышбековна;
І орын – №49 «Алтынай» балабақшасының әдіскері Дуйсенкулова Лаура Беккалиевна;
ІІ орын –  №64 «Асыл бөбек» балабақшасының әдіскері Кожебергенова Кульпан Батыргалиевна;
ІІІ орын – №38 «Шаттық» балабақшасының әдіскері Калдыбаева Шынар Сыздыковна.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply