«Көпмәдениетті кеңістік жағдайында толерантты тұлғаны тәрбиелеу» семинары

28 қыркүйек күні «№ 47 балабақша-мектеп-гимназия» КММ-де «Білім беру мекемесінің көпмәдениетті кеңістігі жағдайында толерантты тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында семинар өтті.
Семинар мақсаты: толерантты сананы қалыптастыру, көп мәдениетті кеңістікте өзара қарым-қатынасты дамыту.Семинар басында қатысушылар мектеппен танысты. Гимназияның миссиясы: мектеп балаларға арналған қуаныш үйі, мұғалімдер үшін шығармашылық, ата-аналар үшін тыныштық, мемлекет үшін мақтаныш.Семинар қатысушылары поляк, қазақ, ағылшын және украин тілдерінің сабақтарына қатысты. Балалар қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, шет тілдерінде сөйледі. Сабақтар қызықты және мазмұнды өтті.Семинарда «Шаңырақ» дебат клубының балалары пікірсайыс жүргізді. Білім алушылар әр елдің экологиясы, экономикасы, салт-дәстүрлері тақырыптарын қозғап, ең бастысы жоғары сынып оқушыларына ЖОО-ға түсу туралы айтты. Мектеп іс-шара барысында көп мәдениетті отбасында баланы тәрбиелеудің ерекшеліктерімен таныстырды. Аралас некеде тұрған үш отбасы өз отбасы туралы сөз қозғады. Әр отбасында олар бірнеше ұлтпен тұрады және тәрбиеленеді. Бұл біздің еліміздің көпұлтты екенін тағы да дәлелдейді. Отбасында ең бастысы салт-дәстүрді сақтайды,   ата-аналарын құрметтейді, мектебін жақсы көреді және үйірмелерге қатысады.
Одан кейін акт залында семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты бірінші халықаралық қашықтан интернет-форумын онлайн форматта өткізді. Форумда білім алушылар Словакия, Украина, Польша, Қырғызстан, Саха Республикасы (Якутия), Арыс қ. №32 ЖОМ, Түркістан облысы, Ақмола облысы, Қорғалжын к. ОМ сияқты түрлі елдердегі мектептердің жетістіктерімен бөлісті.
Іс-шара соңында Білім беруді жаңғырту орталығы жақсы бірлесіп жұмыс атқарған педагогтарға сертификаттар табыс етті.

Leave a Reply