Мектепке дейінгі балаларға көркем-эстетикалық тәрбие беру арқылы үйлесімді тұлға дамыту

2021 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  № 87 «Қадыр» балабақшасында «Мектепке дейінгі балаларға көркем-эстетикалық тәрбие беру арқылы үйлесімді тұлға дамыту» тақырыбында жоспарланған қалалық онлайн-семинары өтті.
 Семинар барысында педагогтер түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, кіріктірілген оқу іс-әрекеттерін көрсетті
             Ана тіліміздің жанашыры, «Хабар» телеарнасының «Асыл арна» бағдарламасының тұрақты сарапшысы, жазушы-этнограф Төлеу Аймағанбетованың ертегілер желісінен  балалар қойылым көрсетілді.
Балабақша педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін басқа да мәдени-білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық жүргізуде, іс-шарада ынтымақтастық қызметінің нәтижелері көрсетілді.
Іс-шараға Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ережепова А.К., мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен педагогтері  қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қатысушылары аталған іс – шараның маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply