Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімі

Бөлім басшысы: Есематова Ақбота Бахытовна
Мақсаты: оқыту практикасын сәтті жүзеге асыру үшін педагогтерді әдістемелік қолдау.
Міндеті:
– білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруда мұғалімдер мен білім беру ұйымдарын әдістемелік қолдау;
– үздік педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату;
– мұғалімдердің қызметіне заманауи тәсілдерді енгізуді әдістемелік қолдау;
– оқытудың педагогикалық практикасын жетілдіру;
– білім беру ұйымдарындағы білім сапасын арттыру;
– білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының жеке өсуіне ықпал ету.

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі

Бөлім басшысы: Алишева Ильмира Сериковна
Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңартуды ескере отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыру
Міндеттері:
– ТжКБ жүйесіне модульдік-құзыреттілік тәсілінің білім беру бағдарламаларын, модульдік-кредиттік технологияны және орта білім берудің жаңартылған мазмұнын ескере отырып, оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
– Колледж оқытушыларының кәсіби шеберліктерін және ақпараттық технология құзыреттіліктерін арттыру;
– ТжКБ оқытушыларының озық тәжірибесін жалпылау және тарату.