«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты қалалық байқауы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсібі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, қоғамда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басымдықтары мен беделін арттыру,  шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді қолдау және ынталандыру мақсатында қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымның педагогтер арасында  онлайн «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» қалалық конкурсы өтті.
Сараптамалық комиссия мүшелері педагогтердің «Шығармашылық презентация» және «Балалармен педагогикалық іс – шара өткізу» бойынша бейнеролик жұмысына сараптама жүргізіп, соған сай шешім шығарды.
Қазылар алқасы сараптамасының қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:
Гран-при – №61 «Шолпан» балабақшасының педагогі Куланова Куралай Кадировна;
І орын – №32 «Балдаурен» балабақшасының педагогі Абулбекова   Диана Бахытовна;
ІІ орын – №2 «Батыр» балабақшасының педагогі Захарова Елена Сергеевна;
ІІІ орын – №86 «Зияткер» балабақшасының педагогі Ахметова Багила Абдиханиевна.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply