Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімі

Бөлім басшысы: Есематова Ақбота Бахытовна
Мақсаты: оқыту практикасын сәтті жүзеге асыру үшін педагогтерді
әдістемелік қолдау.
Міндеті:
-білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруда мұғалімдер мен білім беру
ұйымдарын әдістемелік қолдау;
-үздік педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату;
мұғалімдердің қызметіне заманауи тәсілдерді енгізуді әдістемелік
қолдау;
-оқытудың педагогикалық практикасын жетілдіру;
-білім беру ұйымдарындағы білім сапасын арттыру;
-білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының жеке өсуіне ықпал
ету.

Инновация және ынтымақтастық бөлімі

Бөлім басшысы: Мусадилова Анар Каировна
Мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында инновациялық
қызметті дамыту
Міндеттері:
-инновациялық жобалар мен эксперименттік алаңдарды әдістемелік
сүйемелдеу;
-эксперименттік алаңдардың бағдарламаларына сараптама жүргізу;
-білім беру ұйымдарының инновациялық жобалары мен эксперименттік
алаңдарын іске асыру жұмысының тәжірибесін тарату.