Музыка сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

2021 жылғы 11 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы және музыка пәні қауымдастығының ұйымдастыруымен «Музыка сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» вебинары өткізілді.
⚜️Вебинарда:
-«Музыка сабағындағы формативті бағалау»;
-«Оқушылардың шығармашылығын дамытуда ойын технологиясының тиімділігі»;
-«Қашықтан оқытудағы музыка сабағында оқушылардың ән айту қабілеттерін жетілдіру»
-«Музыкалық және ойын әрекеттерін қолдану арқылы оқушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту»
сияқты тақырыптар талқыланды.
⚜️Сонымен қатар вебинар барысында оқушылардың музыкалық білім алудағы пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, эстетикалық тәрбиені қалыпты меңгеруіне ықпал ету жолдары айкын көрсетілді.
Жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты әрбір бала музыканы қызығушылықпен қабылдайды. Баланың есту қабілеті музыканың дыбыс биіктігін, сипатын, ырғағын, тембрін ажыратып, түсінуіне әсер етеді.
Музыкалық ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятып, балалық қиялдарын қозғап, түсініктерін кеңейте түседі.
Музыка сабағында ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады.

Leave a Reply