Тәрбие жұмысына …

2021 жылғы 23 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Тәрбие жұмысына сараптамалық есеп жазу үлгісі» тақырыбында оқыту вебинары өтті.
2020-2021 оқу жылының қазан айынан бастап Нұр-Сұлтан қалалық Білім беруді жаңғырту орталығының бастамасымен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының Қауымдастығы өз жұмысын жүргізіп келеді. Қауымдастық құрудағы мақсат жалпы тәрбие орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға әдістемелік қолдау жасау.
Осы орайда, жыл бойы директордың орынбасарларына, сынып жетекшілерге арналған бірнеше оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Бүгін де «Тәрбие жұмысына талдау және сараптамалық есеп жазудың үлгісі» тақырыбымен кезекті шара ұйымдастырылып, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар мен жаңадан ортаға қосылып жатқан жас мамандар үшін өзекті тақырыптар аясында әдістемелік көмек ұсынылды.
Оқыту семинарына қатысқан барлық әріптестерге алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.

Leave a Reply