Химия және биология сабағында практикалық дағдыларды  дамыту.

2021 жылғы  29 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының  Білім беруді жаңғырту  орталығының жоспарына сәйкес  «Химия және биология сабағында практикалық дағдыларды  дамыту. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес химиялық –биологиялық білім беруді модернизациялау» тақырыбында қалалық вебинар  өткізілді.

Вебинарға елордалық мектептердің химия және биология пәндерінің педагогтері  қатысты. Онлайн семинар модераторы, орталық әдіскері Ш.Х.Шакирова  химия және биология сабақтарында практикалық сабақтарды  нәтижелі өткізуге тоқталды.

 Іс-шарада №48 мектеп-лицейінің  химия пәні мұғалімі  Шетенова Ермек Нуржауарқызы, №49 орта мектептің  биология пәні мұғалімі Қошкарова Айнұр Өмірқұлқызы, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының  химия пәнінің мұғалімдері Кудерина Шарбану Ағзамқызы, Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге Ы.Алтынсарин атындығы Ұлттық білім академиясынан Амреева Шолпан Рақышқызы вебинарға қатысып, әріптестердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Семинар шығармашылық-талдау кері байланыс арқылы қорытындыланды.

Leave a Reply