Шуақты шара

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмысы жылы жүрек пен мейірім шуағы арқылы айналасына ізгілік нұрын шашып тұрады. Тілі жаңа шыққан бүлдіршіндердің таным көкжиегі, алғашқы тұлғалық қасиеттері осы мекемеде қалыптасатынын ескерсек, аталған ұйымда қызмет ететін педагогтер мен тәрбиешілердің, әдіскерлердің еңбегі сырт көзге бірден шалынбағанмен, тамырында алапат қуат жатқанын білесіз.
Аталған ұйымда қызмет ететін педагогтердің жұмысына жаңа серпін, нақты қолдау беру мақсатындаБілім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы қыркүйек айының 9-24 аралығында алғаш рет осы жылдан бастап 514 бұйрыққа енгізілген «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» және «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты екі қалалық байқау өткізілді.
Аталған шараны Білім беруді жаңғырту орталығының басшысы Мадеев Сабыржан Маратұлы кіріспе сөз сөйлеп ашып, балабақшалардың қоғамдағы орны, білім беру жүйесіне қосып отырған үлесі туралы ой қозғап, алғаш рет өткізіліп отырған байқаулардың басты мақсаты мектепке дейінгі ұйым педагогінің беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби имиджді қалыптастыру екендігін атап өтіп, барша ұстаздарды мерейлі мерекелерімен құттықтады.
Байқау қорытындысы бойынша «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауында ІІІ орынға №86 «Зияткер» балабақшасының педагогі Ахметова Багила Абдиханиқызы, ІІ орынға №2 «Батыр» балабақшасының педагогі Захарова Елена Сергеевна, І орынға №32 «Балдәурен» балабақшасының педагогі Абулбекова Диана Бахытқызы, Бас жүлдеге №61 «Шолпан» балабақшасының педагогі Куланова Құралай Қадырқызы лайық деп танылды.
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байқауы бойынша ІІІ орынды №38 «Шаттық» балабақшасының әдіскері Калдыбаева Шынар Сыздыққызы, ІІ орынды «Асыл бөбек» балабақшасының әдіскері Кожебергенова Кульпан Батырғалиқызы, І орынды №49 «Алтынай» балабақшасының әдіскері Дуйсенкулова Лаура Беккалиқызы, Бас жүлдені №66 «Толағай» балабақшасының әдіскері Каримова Айжан Қуанышбекқызы иеленді.
 «Мектепке дейінгі ұйымның үздік қазақ тілі кабинеті» байқауында ІІІ орынды №1 «Бәйтерек», №26 «Үміт», №86«Зияткер» балабақшалары,
ІІ орынды №4 «Аружан», №33 «Алтын дән», №44«Үркер» балабақшалары жеңіп алды.
 
І орынға № 32 «Балдәурен», № 64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшалары ие болды.
Сонымен қатар «Мектепке дейінгі ұйымның үздік қазақ тілі кабинеті» байқауында қазақ тілі пәні бойынша әдістемесін көрсетіп, жоғары дәрежеде қолданып жүрген қазақ тілі мұғалімдері марапатталады.
Аталған шарада «Шашу» оқу-танымдық кешенінің авторы, «Білім айнасы» газетінің редакторы Қатшабаев Қуантай Амантайұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тілдерді дамыту және архив ісі» басқармасы тіл саясатын үйлестіру бөлімінің басшысы Қасқатаева Нұрзила Ғалымжанқызы игі тілектерін білдіріп, арнайы сый-сияпаттарын тарту етті.
«Елордалық білім» ақпарат

Leave a Reply