Ғылыми – техникалық шығармашылық – заман талабы

2022 жылғы 22  сәуір күні  Білім Беруді жаңғырту орталығының және Техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен              «Ғылыми – техникалық шығармашылық – заман талабы» тақырыбында     шебер – сыныптары өткізілді.

         Мақсаты – шығармашылық тәжірибесі қалыптасатын педагогтің өзін – өзі жетілдіруіне жағдай жасау, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыру.

         Іс-шараға жалпы және қосымша білім беретін ұйымдардың педагогтері ат салысты.

Өз шеберліктерімен бөліскен педагогтер:

  • Абдрашитов Қанат Абдрахманович, «Әуемоделдеу» үйірмесінің жетекшісі,  тақырыбы: «Изготовление крыла модели самолета. Изготовление нервюр крыла»;
  • Мухамеджанов Алимжан Магзумович, «Техникалық дизайн» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы: «Көркем аралау және ою»;
  • Абылғазы Шайдолда, «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы:  «Картон қағаздан поезд жасау»;
  • Маухей Хуантай, «Жас рационализатор» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы:   «Ағаштан сызба бойынша желкенді қайық  жасау» ;
  • Есентаев Даулет Шоптибаевич, «Жүреміз, жүземіз, ұшамыз» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы:  «Кеме және танк жасау үлгісі»;
  • Смайлов Сарсенғали Қабиболлаұлы, «Жас рационализатор» үйірмесінің жетекшісі,  тақырыбы: «Резакта пеноплекспен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдері».

Шебер – сыныптар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, қызықтырған тақырыптарды талқылап, қорытынды жасады.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.