Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзыретіліктерін қалыптастыру

2021 жылғы  19 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен химия және биология пәндері педагогтеріне  «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзыретіліктерін қалыптастыру»  тақырыбында қалалық вебинар  өткізілді.

Вебинарда елорданың тәжірибелі  педагогтері Сулейменова Зуара Байгараевна – № 84 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі, Мендибаева  Айман Таубаевна –Нұр-Сұлтан  қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің химия және өзін-өзі тану пәні мұғалімі, Жумагулова Кулжан Сахановна –BINOM SCHOOL “Ұлы дала» мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі  өз тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар барысында оқыту үрдісінде  оқушының белсенді оқу ортасын құру, оқу материалдарын меңгеруде қолданатын  әртүрлі стратегиялар,  оқу материалын есте сақтау және оқылатын материалмен белсенді жұмыс жасау, креативті ойлау, жаратылыстану сауаттылығын  дамыту  т.б бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Вебинар қорытындысы мен ұсыныстарды қабылдауды модератор, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Х.Шакирова жүргізді. Модератор іс-шараны қорытындылай келе, халықаралық зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері туралы бағыт бағдар берді, алға қойылған маңызды мәселелердің негізгілерін атап өтті.

Leave a Reply