«Ғылыми жоба жазуда нені ескеру керек?» оқыту семинары

2021 жылғы 22 желтоқсан күні  Білім беруді жаңғырту орталығы қаланың   тарих пәні мұғалімдеріне «Ғылыми жоба жазуда нені ескеру керек?»  оқыту семинарын өткізді. Модератор Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Д. К. Амиргалиева «Ғылыми жұмысқа қойылатын талаптар» тақырыбында сөйлеп, қала мектептеріндегі тарих пәні бойынша соңғы 3 жылдағы ғылыми жоба нәтижелеріне  сараптама  жасады.      Спикерлер    Қ.О. Сейтказина, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, тарих факультеті деканының орынбасары, т.ғ.к., доцент  “Тарих ” пәнінен ғылыми жоба жазу үлгісі бойынша жас мамандарға бағыт-бағдар берді. Б.Т.Рысмамбетова, Дарынды қыз балаларға арналған “Білім  инновация”лицей интернатының тарих пәні мұғалімі «Білім алушыны ізденіске бағыттау жолдары» тақырыбында, Н. Е. Уаханова, №66 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, «Ғылыми жоба дайындаудың           әдіс-тәсілдері            мен  тиімді жолдары» тақырыбында,  А.  А. Елемесова, №31мектеп-гимназиясының тарих-география пәндерінің мұғалімі «Ғылыми жоба зерттеу жұмыстарының негіздері» тақырыбында оқушылармен ғылыми жоба жазуда қандай жұмыстар атқару керектігі және жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Семинар соңында ашық микрофон жұмыс істеді. Өткен іс-шараға әріптестер  кері байланыс берді.

Жауап беру