Қашықтан оқыту жағдайында …

2021 жылғы 20 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарға мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Аталған іс-шарада Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының тәрбие теориясы мен әдістемесі орталығының директоры Мамырханова Аймен Молдағалиқызы қатысып, 2020-2021 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап көрсетті. «Қашықтан оқыту кезінде ата-анамен жүргізілген тәрбие жұмыстары», «Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі», «Қашықтан оқыту жағдайындағы оқушыларға үздіксіз тәрбие беру тәсілдері», «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша елордалық орта мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары өздерінің іс- тәжірибиелерімен бөлісті.
Семинар қатысушылары үшін мазмұнды әрі пайдалы болды деген ойдамыз.
елордалықтәрбие
елордалықбілім
білімберудіжаңғыртуорталығы
өзін-өзі басқару

Leave a Reply