Қолданбалы-сәндік өнер арқылы оқушыны көркемдік-әсемдік бағытта тәрбиелеу

«Қолданбалы-сәндік өнер арқылы оқушыны көркемдік-әсемдік бағытта тәрбиелеу» қалалық вебинары

📢📢📢2021 жылғы 11 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен №2 өнер мектебі вебинар өткізді. 

Мақсаты:
-қосымша білім беру педагогтерінің тәжірибесін тарату;
-«Art Tumar» қолданбалы-сәндік өнер орталығының жұмыс барысымен және мектептің оқу-әдістемелік қызметімен таныстыру;
-педагогтердің шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында пән бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісу.
№2 өнер мектебінің мектеп директоры Гүлмира Жангелдіқызы бастаған педагогтер ұжымы қолданбалы-сәндік өнерді игеру, оны насихаттау жұмыстары туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық қолөнерімізді дамытудың шексіз мүмкіндіктері мен оқушыларға білім берудің, нәтижеге қол жеткізудің жолдарын көрсетті.
Вебинар барысында оқу бағдарламаларының мазмұны, ондағы қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған ұлттық мәдениеті мен қолөнері негіздеріне, шығу тарихына, бұйымдардың жасалу технологиясына, заманауи техникаларды пайдалана отырып ұлттық нақыштағы бұйымның өзіндік орнын көрсету мәселелері туралы айтылды.
Спикерлердің бөліскен тәжірибелері білім білім беру кеңістігінде өзекті және сұранысқа ие. Мұндай кездесулер барлық қатысушылардың есінде жарқын із қалдырып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Leave a Reply