Инклюзивті білім беру бөлімі

Бөлім басшысы: Марат Маншук Маратовна
Мақсаты: инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
– білім беру ұйымдарында инклюзивті және арнайы білім беру бойынша оқу-тәрбие жұмысының жағдайын талдау;
– инклюзивті және арнайы білім беру педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету;
– білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық тәжірибелерін, инновациялық үдерістерді тарату;
– педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, педагогтерге үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
– педагогтер қауымдастығы мен шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру.

Баспа қызметі ісі бөлімі

Бөлім басшысы: Амирхамзина Райгуль Гильмановна
Мақсаты: педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату
Міндеттері:
– орталықтың мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыру;
– педагогтардың перспективті тәжірибесін, инновациялық үдерістер мен
қаланың білім беру жаңалықтарын тарату;
– білім беру ұйымдарының кітапханашыларын әдістемелік сүйемелдеу;
– білім беру ұйымдары кітапханаларын қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу
және анықтау;
– кітапханашылардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
– қалалық сараптама кеңесін ұйымдастыру және өткізу;
– авторлық педагогикалық әзірлемелерді құрастыруда білім беру ұйымдарын
әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Тәрбие және тұлғаны дамыту бөлімі

Бөлім басшысы: Бекетаева Гульдана Ескеновна
Мақсаты: жалпы білім беру және қосымша білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
– жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысының жағдайын талдау;
– «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша педагогтерінің және қосымша білім беру ұйымдарының, тәлімгерлердің, әлеуметтік педагогтердің және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының әдістемелік  сүйемелдеу;
– білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық тәжірибелерін, инновациялық үдерістерді тарату;
– педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, педагогтерге үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
– педагогтер қауымдастығы мен шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру.