Құндылық – бала тәрбиесіндегі маңызды қадам

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы»    2022 жылғы 17 мамыр күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Құндылық – бала тәрбиесіндегі маңызды қадам» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын оқу мен тәрбие үрдісіне енгізудегі тиімділіктері бойынша тәжірибе алмасу.

Аталған іс-шараның бағдарламасына сәйкес келген қонақтарға мектеп аумағын, жыл бойына атқарылған жұмыстарды көрсету мақсатында экскурсия ұйымдастырылып, одан әрі салтанат залында мектеп директоры Төлеуова Гүлжан Дәрібайқызы семинар қатысушыларына арнаған алғы сөзімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, пән бойынша сабақтар, сынып сағаттары мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, мектеп мұғалімдері өздері дайындаған бағдарлама бойынша қатысушыларға жұмыстарын көрсетті. Атап өтетін болсақ, «Тура пропорционалдық және оның графигі» тақырыбында математика пәні мұғалімі Сэрээтэр Г., «Атом ядросы» тақырыбында физика пәні мұғалімі Таймбетова А.К., «Развитие культуры на современном этапе» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Конакаева Б.А., «Согласные звуки. Прогулки для здоровья» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Мурзахметова В.С., «Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балмаганбетова М.А., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Ғ.С. ұйымдастыруымен «Құндылықпен берілген тәрбие құнды» аналармен өнеге сағаты, бастауыш сынып мұғалімі Елемесова А.Н. ұйымдастыруымен «Мейірімге толы жүрек» сынып сағаты, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Билял М.Ж. ұйымдастыруымен «Казахстанский патриотизм» сынып сағаты, мектеп психологы Сванкулова Қ.Т. ұйымдастыруымен «Ценности современной жизни» тренинг, Өзін-өзі тану мұғалімі Тлеубердинова А.Е. ұйымдастыруымен «Бұл палата қазіргі оқушылардың бойында құндылықтар басым деп есептейді» тақырыбында дебат өтті.

Одан әрі Q-Talks жобасы аясында бірнеше спикерлер сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Атап өтсек, «Әрекетке берекет» тақырыбында математика пәні мұғалімі Сэрээтэр Г., «Я и мой класс в проекте» биология пәні мұғалімі Хабибулина Ж.И., «Жас сарбаз» сыныбының ерекшеліктері» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Ахметова Г.М., «Какие ценности дороги в школе?» бастауыш сынып мұғалімі Омарова А.М., «Адами құндылықтар алға жетелейді» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алиева С.Б., «Құндылықтың негізі – кітап оқу» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мырзағұл А.Р., химия пәні мұғалімі Ахмедова А.И., ата-ана Аязбаева А.К. және оқушы Алимолда А.Е.

         Семинар соңында қатысушылардан рефлексия кері байланыс алу мақсатында жұмыстар жасалып, қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Семинарды қорытындылау мақсатында Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Джунусова Д.Е. сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Жалпы, тәжірибе алмау семинары жоғары деңгейде өтті. Келген қатысушылар, қонақтар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға сала отырып, атсалысты.

Жауап беру