Қайта жаңғырған «Бестемше» ойыны балабақшада

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2021  жылғы 07 қазан күні инновациялық жоба аясында балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне ұлттық ойынды қолдану жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында №61 «Шолпан» балабақшасында «Бестемше» ұлттық ойыны» атты қалалық шебер-сынып өтті.
Іс-шараға Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы аға жаттықтырушысы, филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шотаев Мақсат Есенбекұлы бестемше ойынының шығу тарихына тоқталып, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытуда «Бестемше» ұлттық ойынының маңызы  туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне шебер-сынып көрсетті.
Аталмыш шараға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының доценті Куланова Куралай Кадировна қатысып, мектепке дейінгі ұйымның педагогтеріне өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан – ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.

Leave a Reply