Қалалық «Балалық шағымның шуақты биі» байқауының қорытындысы

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының  2022 жылғы 13 мамырдағы № 69 бұйрығына сәйкес  мектеп жасына дейінгі балалар  арасында «Балалық шағымның шуақты биі» байқауы өтті.  

Мақсаты: балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.

 Байқау комиссиясының шешімі бойынша мына жеңімпаздар анықталды:

І орын – №14 «Ақбөпе» балабақшасының «Күншуақ» би тобы

ІІ орын – №32 «Балдәурен» балабақшасының «Балдәурен» би тобы 

ІІІ орын – №62 «Нұрсәуле» балабақшасының «Аққу» би тобы.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

«Көрермен көзайымы» – №61 «Шолпан» балабақшасының «Шолпан жұлдыздары» би тобы;

 «Хореографиялық бейімі» – №24 «Айналайын» балабақшасының «Еркетай» би тобы;

 «Көркем орындау шеберлігі» – №45 «Самұрық» балабақшасының «Самұрық» би тобы;

 «Үздік композиция» – №71 «Мөлдір» балабақшасының «Мөлдір» би тобы.  Республикалық мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Балалық шағымның шуақты биі» қалалық (сырттай) би байқауына қатысу үшін І орын – №14 «Ақбөпе» балабақшасының «Күншуақ» би тобы, ІІ орын – №32 «Балдәурен» балабақшасы «Балдәурен»  би тобы, ІІІ орын – №62 «Нұрсәуле» балабақшасының «Аққу»би тобының бейне материалдары жолданды.

Пікірлер

Жауап беру