Қалалық «Заманауи сабақ –мұғалімнің кәсіби өсуінің көрсеткіштері» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Химия және биология пәні бойынша қалалық «Заманауи сабақ –мұғалімнің кәсіби өсуінің көрсеткіштері» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
2022 жылғы 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес химия және биология пәндері мұғалімдерінің арасында «Заманауи сабақ-мұғалімнің кәсіби өсуінің көрсеткіштері» қалалық байқауы өткізілді.
Мақсаты: білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау, қолдау, оның кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету, білім сапасының өсуіне үлес қосу. Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының химия және биология пәндері мұғалімдері қатысты.
Байқау 2 кезеңнен өтті. 1-кезең сырттай: қатысушылардың 1 сабағының қысқа мерзімді жоспарының электрондық түп нұсқасын жинақталған бағалау критерийлері арқылы іріктеді. Байқаудың 1-кезеңіне 100-ден астам педагогтен жұмыс келіп түсті. 1-кезеңнен жоғары ұпай жинаған 32 педагог 2-кезеңге жіберілді.
2-кезең «Үздік сабақ, озат тәжірибе» панорамалық сабақты қорғады.
Жинаған ұпай сандарының қорытындысы бойынша төмендегідей конкурстың жеңімпаздары анықталды:
Химия пәні бойынша:
1 – орын Гареева Алия Суртаевна – №81 «Аstana English School» мамандандырылған гимназиясының химия пәні мұғалімі;
1 – орын Ельчибаева Айнур Бериковна- №10 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі.
2 – орын Құмар Ботакөз – №66 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі;
3 – орын Мукушева Салтанат Алибаевна – №30 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі.
3 – орын Бижанов Бахитжан Сартайұлы- №8 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі;
3 – орын Макетаева Ақтоты Турсынгазиевна- №38 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі;
3 – орын Газдрубал Елик – Сакен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі.
Биология пәні бойынша:
1 – орын Жумаханов Каирлы Калибекович – №50 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі;
1 – орын Карипжановна Алмагуль Закеновна – №30 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі;
2 – орын Сулекешова Фатима Жумагазиевна – №38 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі;
2 – орын Рахимжанова Гульмира Толеубековна – №70 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі.
3 – орын Махмутова Гульмира Сейтжапбаровна – №57 орта мектептің биология пәні мұғалімі;
3 – орын Аубакирова Куралай Рамазановна – Шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни» атындағы №85 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі;
нің
3 – орын Токсанбекова Гульмира Байгариновна – №50 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі.
Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. Байқауға қатысқан педагогтердің үздік сабақтары енгізілген жинақ кітабы шығарылады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз.

Жауап беру