«Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері»  тақырыбындағы республикалық  вебинар

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы республикалық тарих пәні педагогтеріне «Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері»  тақырыбында вебинар өткізді. Модератор әдіскер Д. Амиргалиева вебинарға қатысушыларды бағдарламамен таныстырып, Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Орталық Қазақстан облыстарынан қатысып отырған әріптестерге рахмет айтып, семинар жұмысының сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Спикерлер Қ.Ғ. Орунханов, С.Ғ. Орунханова  Алматы облысы, Г.Ж. Кайкубаева Өскемен қаласы, Э.И. Сапашева Батыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласынан Д.О.Бекназарова №64 мектеп-лицейі,  А.М. Тналина №14 мектеп-гимназиясы, Д.М. Сабанбай Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп лицейі, Е.Е. Абдельдинова №15 мектеп-лицейі, А.Т. Кадирова №62 мектеп-лицейі, Г.А. Аяпбергенова Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының  тарих пәні мұғалімдері тарих сабағында қалыптастырушы бағалау және метатаным, ҚБ арналған тапсырма дайындау үлгісі оны ұйымдастыру  мәселелеріне тоқталып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Вебинар соңы кері байланыспен аяқталды.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.