Қауымдастық көшбасшыларының форумы

2021 жылғы 29 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагогтер қауымдастығының қызметін қорытындылау, көшбасшыларды марапаттау мақсатында Орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері қауымдастығы көшбасшыларының форумын өткізді.

«Педагогтер қауымдастығы» жобасы, жетекшісі К. Балгинбаева,  аясында ұйымдастырылып отырған салтанатты іс-шараға Білім беруді жаңғырту орталығының басшылығы, әдіскерлері мен  орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері қауымдастығының  көшбасшылары қатысты.

Педагогтердің кәсіби даму үдерісіне озық педагогикалық тәжірибені тарту, білім сапасын арттыру мақсатында «Педагогтер қауымдастығы» жобасы әзірленді. Жоба барлық деңгейдегі білім беру үдерісінде жұмыс істейді.   Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова «Педагогтер қауымдастығы» жобасының ережесін, мақсаты мен міндеттерін таныстырды.

Ассоциация жұмысының негізгі бағыттарының бірі әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіру болып табылады. Форумда әдістемелік бірлестіктердің функционалдық міндеттері туралы  әдіскер Р. Баганалинова сөз сөйледі.

Педагогтер қауымдастығының қызметінде шығармашылық топ ерекше орын алады, мектепке дейінгі бөлімнің әдіскері Д. Алпысбаева шығармашылық топтың негізгі қызметімен таныстырды.

Педагогтер қауымдастығының 2021 жылғы жұмысын бастауыш сынып педагогтері қауымдастығының көшбасшысы Л. Ақылбекова қорытындылады.

Педагогтер қауымдастығының жұмысын үйлестіру және бағыттау үшін шет тілдер қауымдастығының көшбасшысы А. Булекпаева Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Педагогтер қауымдастығының төрайымы болып тағайындалды. Жаңа көшбасшы қауымдастықтың 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша сөз сөйлеп, мақсаты мен міндеттерін атап өтті.

Пән қауымдастықтарының жаңа көшбасшылары таныстырылып, куәліктер табысталды.

Форум соңында қауымдастық көшбасшыларын алғыс хаттармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.