Қазақ тілі  мен әдебиеті пәндері арқылы . . .

2022 жылғы 27 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы  №80 мектеп-гимназиясы Білім беруді  жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Қазақ тілі  мен әдебиеті пәндері арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертудің маңызы» қалалық семинарын өткізді.

Кіріспе сөзді мектеп директоры Г.С. Жарменова сөз бастап, жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертудің маңызы туралы баяндады.

Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7 сабақ көрсетілді. Баракова  Қарлығаш Мурмахмудова  1 «Д» сыныбында «Кел, қайталайық!», Базарбаева  Мария  Конаровна  5«В» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен  «Әже  бейнесі  және  бала  қиялы», Нуртазина  Замзагуль Далабаевна 5 «З» сыныбында  қазақ тілі  пәнінен «Ақсу-Жабағылы» қорығы», Нұржанқызы  Анар  5«Г» сыныбында қазақ  әдебиеті  пәнінен «Нағыз  әже  қайда?»,  Сулейменова  Айман Токтасыновна  қазақ әдебиеті  пәнінен  «Апамның  астауы», Жетібай  Көбей  Абдиллаұлы   7«Б» сыныбында  қазақ  тілі  пәнінен «Ардагерлерімізді  ардақтайық», Камидуллина  Алия  Жулдызбаевна  қазақ тілі пәнінен 6 «Ә» сынып оқушыларына «Қазақстандағы  кітапханалар» тақырыптары бойынша ашық сабақтар көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Аталмыш семинардың тәжірибелік бөлімінде директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Аманова  Төленді  Советбековнаның ұйымдастыруымен бастауыш сынып  мұғалімдері    «Ұлттық  және жалпыадамзаттық  құндылықтар» тақырыбында сатылай  кешенді  оқыту  технологиясы  бойынша  коучинг өткізді.

     Семинар соңында қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері іс-шараны  ұйымдастырған С. Сейфуллин  атындағы №80 мектеп-гимназиясының   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  мен  мектеп басшысы  Жарменова  Гулмира  Серғазықызына  рақметін айтып, өткізген шараға кері байланыс берді.

7 Пікірлер

  1. Құндылықтар құлдырап бара жатқан заманда осындай ашық сабақтардың маңызы зор деп ойлаймын. Талай бала жалпыадамзаттық құндылықтардан хабардар болған шығар

  2. Керемет жұмыс! Оқушылар жалпыадамзатық құндылықтардың мәні мен мазмұнын түсіне алды деген ойдамыз!Ұстаздарға шығармашылық табыс тілеймін!

  3. 80-ші мектеп мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілеймін. Ұйытқы болған мектеп әкімшілігіне жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін.

Жауап беру