«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қорытынды аттестаттаудан өткізу ерекшелігі»

2022 жылдың 9 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы бойынша  9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау ережесін таныстыру және емтихан материалдарының құрылымын, оқушыларды емтиханға дайындау әдістемесін түсіндіру мақсатында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қорытынды аттестаттаудан өткізу ерекшелігі» (оқуту қазақ тілінде емес сыныптар үшін) вебинары өтті.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Маманова Жанар Сейтахметқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары» бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды атестаттау емтиханының өткізілу тәртібін айта келе, емтихан материалдарының құрылымына, ерекшелігіне тоқталды. 

№75 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серікбаева Зейнегүл Оразмағанбетқызы «Оқу бағдарламасына, тест спецификациясына, технологиялық матрицаға сүйене отырып, мәтіндер таңдау» тақырыбы бойынша емтихан тапсырмаларының сипаттамасы, мәтінді таңдауға қойылатын талаптар, қандай тақырыпты қамтитын мәтіндерді алуға болмайдығы туралы айта келе 9-сыныптарды емтиханға дайындау тәжірибесімен бөлісті.

№10 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Аймағамбетова Жазира Азанбайқызы «Перифраз тәсілі арқылы орындалатын тапсырмалар құрастыру жолдары» тақырыбы бойынша перифраз жасау тәсілдері, перифраз тапсырмаларының үлгісі туралы айта келе оқушыларға мәтінде кездесетін сөйлемдердің түпнұсқалық мағынасын сақтай отырып , құрылымын перифраз тәсілі арқылы өзгертіп, қайта жазу жұмысын ұсыну арқылы емтиханға дайындау жолдарын көрсетті.

№31 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжебекова Дариға Болатқызы «Қорытынды аттестаттау тапсырмаларын құрастыруға қойылатын жалпы  талаптар» бойынша қорытынды аттестаттау қандай құжаттарға  негізделетініне тоқтала келе, қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптармен, тапсырма нұсқауын құрастыруға қойылатын талаптар, емтихан жұмысының сипаттамасымен  таныстырып өтті. №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кулькаева Ғалия Баймұратқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қорытынды мемлекеттік аттестаттауға арналған  тапсырмалар ерекшелігі» тақырыбы бойынша  бағалау міндеттері, балл қою кестесі бойынша түсіндіріп өтті.

Жауап беру