«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту: инновациялық әдістер мен озық тәжірибе» тақырыбында қалалық вебинар

2022 жылғы ақпан айының 9-ы күні Нұр-Сұлтан қаласының №55 орта мектебі және Білімді беруді жаңғырту орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білімін жетілдіру және заманауи сабақтың құрылымы туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту: инновациялық әдістер мен озық тәжірибе» тақырыбында қалалық вебинар өтті.

Жанар Сейтахметқызы аталмыш іс-шараның ашылуында кіріспе сөзді айтып, вебинарды жүргізіп отырды. №55 орта мектеп директоры Д. Рахимберлина «Тілді оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбы бойынша сөз алып, іс-шара ақиық ақын, қазақтың біртуар азаматы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Есіңе мені алғайсың…» атты әдеби-сазды кешпен жалғасты. Мектептің дарынды оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахналаумен барша вебинарға қатысушылардың жүректерін толқытып, ерекше күйге бөледі.

 Аталмыш вебинардың тәжірибелік бөлімі одан әрі ZOOM платформасында 3 секция залдарына бөлініп,  жалғасын тапты.

1-секцияда Нуркина Ақжан Марденқызы 9 «Ә» қазақ сыныбындағы қазақ әдебиеті пәнінен Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты бойынша сабақ көрсетті. Мұнда оқу мақсатын ашуға бағытталған padlet тақтасы және whiteboardti әдісімен жасалған жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Сонымен бірге осы залда орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-сыныбында Ахметова Бибисара Абдрамановна  жазылым дағдысына негізделген мақсатты жүзеге асыруда мәтінді QR кодпен сканерлетіп,   PADLET тақтасында жазылым дағдысын жүзеге асырды.

2-секцияда Ажибаева Улжан Батырханқызы қазақ әдебиеті пәнінен 6-сынып оқушыларына Сайын Мұратбектің «Жусан иісі» шығармасындағы кейіпкерлердің бейнесін ашып, «PADLET» тақтасында көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, оқиға орнын, табиғат көрінісін сипаттап жазды.  «kahoot»  ойыны арқылы сабақты бекітіп, басты кейіпкер Аянның прототипі Науқан Кәрімов жайлы бейнероликті ұсынды. Орыс 8-сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Маденова Салтанат Шакеновна Learnisgapps қосымшасы арқылы тыңдалым дағдысы мен әдеби тілдік нормада көрсетілген демеулік шылауларды ұштастырды.

3-секцияда Демеуова Лаура Жұмабекқызы 5-сыныппен «Көлік және жол белгілері» тақырыбында сабақ жүргізуде тиімді әдістерді, соның ішінде «learnisApps» платформасымен жасалған жұмысы оқушыларға да сабақ мақсатына жетуге де тиімді қолданылды. Сонымен бірге орыс 5-сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Бухарбаева Гулсара Алиевна оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруда «Ой шақыру», «Білім қоржыны», «kahoot» қосымшасын пайдаланды.

Вебинарда жоспарланған 6 сабақтан кейін қатысушылар Padlet  тақтасында кері байланыc жасап,  іс-шараны  ұйымдастырушыларға және өз іс-тәжірибелерімен бөліскен №55 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен мектеп басшысы Рахимберлина Дидар Алимовнаға өз жылы лебіздерін білдіріп, рақметтерін  айтты.

Пікірлер

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

  1. Сәлеметсіздер Ме?Дидар Алимовна,сіздің ұжымыңыздың өте шығармашыл,тәжірибелі ұстаздар екеніне сенімдімін.Өйткені талай бірге сабақ өткізіп тәжірибе бөліскен едік.Осы жолы вебинарға қатыса алмадым.Сондықтан сол сабақтарды қайдан көрген болады?
    Жанар Сейдахметовна сіздің мұғалімдерге деген әдістемелік көмегінің үшін,мазмұны терең үйретуші вебинарларды ұйымдастырғаныңыз үшін көп рақмет!Еңбекте табыс тілеймін.