«Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен эссе жазудың тиімді  әдістері» вебинары

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызы 11.01.2022 ж. сағат 11.00-де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазудың тиімді жолдары: «Дебат» әдісі арқылы эссе жазуды меңгеру, Блум таксономиясының тиімділігін эссе жазу барысында қолдана алу, эссе мазмұнына  қойылған мәселені анықтау, мәтіндегі негізгі, қосымша және  детальді ақпараттарды ажырата алу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен эссе жазудың тиімді  әдістері» вебинарын ұйымдастырды.

         Вебинарға қазақ тілі мен қазақ әдебиеті      пәні мұғалімдері қатысты.   Вебинарды эссе жазу әдістемесімен бірнеше жыл жұмыс жүргізіп жүрген, «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен эссе жазудың тиімді әдістері» әдістемелік құралдың авторлары:  Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары – Мұса Анизат Сейдазымқызы «Эссені тиімді жаздыру жолдары. Эссе құрылымы»,     Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі    –  Хамзина Гүлшат Сабыржанқызы «Дебат» әдісі арқылы эссе жазуды меңгерту» тақырыптары бойынша пән мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.