ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАС МАМАН!

16.09.2022 ж.  күні биылғы оқу жылында педагогикалық еңбек жолын  бастаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарына әдістемелік көмек көрсету, кәсіби құлшынысын арттыру,  өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында «Қош келдің, жас маман!»  жас мамандарды «Жас маман» клубына қабылдау кеші өтті. Кеште Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахмет білім беру жүйесіндегі міндетті нормативті  құжаттар туралы («Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту» ҚР БжҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы) жалпы түсінік беріп өтсе, №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, қалалық Педагогтер қауымдастығының көшбасшысы Самал Жақсылыққызы  «Ізденіс» қалалық жас мамандар клубы: білім, ізденіс, талпыныс» жас мамандар клубы жұмысының мақсат-міндеттері, бағыттары бойынша  таныстырды, ал №56 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Жас мамандардың жетекшісі Гульшат Сабыржанқызы  «Эссе  жазудың құрылымы» тақырыбы бойынша  коучинг жүргізді. №22 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динара Базарханова,  BINOM мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әйгерім Қасен «Үйренейік, ізденейік, жас маман» тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастырып, бір жылдық еңбек жолындағы білгенімен бөлісті.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.