2021 жылғы 2 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының МКҚК Білім беруді жаңғырту орталығы және Балалар көркемсурет мектебінің МКҚК ұйымдастыруымен «Бейнелеу өнеріндегі қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында қосымша білім беру көркемсурет бағытындағы педагогтерге қалалық шебер – сыныптары өткізілді.
Мақсаты: білім мен дағдыларды бекіту, теориялық-практикалық тәжірибе алмасу, көркемдік – шеберлікті көрсету.
Іс-шара басында мектеп қызметі жайында Исенова Гульзия Жагипаровна Балалар көркемсурет мектебінің басшысы атап өтті.
Шебер – сыныптарбарысында Балалар көркемсурет мектебінің педагогтері гипс құю әдісімен қашауды орындау әдісі, стимпанк стиліндегі мүсіннің орындалуын және композиция құрастыру процесімен, өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Тақырыптар:
- «Коллаж техникасындағы ойыншық» Тукина Гульфара Еслямгазиевна, Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогі;
- «Фоамираннан Брошь» Климова Ольга Олеговна, Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогі;
- «Аралас техникадағы Букет» Асқарова Гульбарам Аскаровна, Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогі;
- «Интерьерге арналған Кашпо» Кожахметова Акбота Халлидолаевна, Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогі;
- «Су асты әлемі стимпанк cтилінде» Смағұлов Асқар Жумагельдинович, Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогы;
- «Композиция құрастыру процесі» Асқар Нұрболат Талғатұлы, балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогі.
Іс-шарабарысында қатысушылар шеберлерге сұрақтар қойып, оларды қызықтырған тақырыптарды талқылап, соңында қорытынды жасады.