«Қосымша білім беру жүйесіндегі заманауи хореографияның бағыттары»педагог-хореографтарға арналған онлайн семинар

2022 жылғы 10 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы МКҚК «Білім беруді жаңғырту орталығының» ұйымдастыруымен елорда педагог-хореографтарына арналған «Қосымша білім беру жүйесіндегі заманауи хореографияның бағыттары» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

Мақсаты: білім мен дағдыларды жеткізу, педагогтердің практикалық-теориялық тәжірибесімен алмасуы.

Семинар барысында елордалық педагог-хореографтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектепке дейінгі, қосымша білім, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы хореография сыныбы бойынша әртүрлі жас санаттарына арналған білім алушыларды оқыту әдістемесін көрсетті.

Спикерлер тақырыптары:

  • «Қосымша білім беру жүйесінде хореографияны оқытудың әдістері мен формалары» –  Шукирова Айнур Узакбаевна, Нұр-Сұлтан қаласы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының «Хореография» бөлімінің басшысы, педагог-хореограф;
  • «Ұлттық би өнері арқылы функционалды білім негіздерін қалыптастыру» – Уздымбаева Жаркын Берикхановна, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақ ұлттық өнер университеті,  №1 Өнер мектебінің педагог-хореографы;
  • «Хореография сыныбындағы би импровизациясы мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдісі» – Шалабаева Салтанат Кантайбековна, «Экономикалық лицей» ЖШС педагог-хореографы;
  • «Балалардың эстетикалық тәрбиесіндегі хореографияның рөлі» – Туякова Гульнара Кайриденовна Нұр-Сұлтан қаласы «Ақбота» балабақшасының хореографы.

Іс-шарасоңында қатысушылар сұрақтар қойып, қызықтырған тақырыптарды талқылап, қорытынды жасады.

Жауап беру