Үздік педагогтен үздік сабақ

Нұр-Сұлтан қаласының «Білім беруді жаңғырту орталығында» жаңа жоба  «Үздік педагогтен үздік сабақ» қаламыздың маңдайалды ұстаздарынан дәріс алуға барлық мектептерді шақырады. 
Елордалық 90 мектептің 8-сынып оқушылары, беделіне білігі сай мұғалімдерден кез-келген жерде отырып білім нәрімен сусындай алады.
Жобаның мақсаты: астаналық мектеп оқушыларының  білімін қалпына келтіру, білім сапасын көтеру, тәжірибе алмасу, оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыру.
«Үздік педагогтен үздік сабақ» жобасының кезекті сабағын №61 орта мектеп директоры, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, шебер педагог, педагогика және психолгия магистрі, Республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы  Омарханов Ернұр Аханұлы онлайн режимде өткізеді.

Leave a Reply