«Үлгілік оқу бағдарламасы, ұзақ мерзімді жоспар – күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі» вебинары

2022 жылғы 11 ақпан күні Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына арналған  «Үлгілік оқу бағдарламасы, ұзақ мерзімді жоспар – күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі» вебинары өтті. Вебинарда №72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, қалалық Педагогтер қауымдастығының мүшесі, «Жас маман» клубының жетекшісі  Әділбекова Жанар Советханқызы жас мамандарды нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыра келе, МЖМБС, Үлгілік оқу жоспары, ҰМЖ негізінде жасалатын күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі, құрылымы туралы түсіндіре отырып, жас мамандармен кәсіби құзыреттілігін тиімді дамыту, жоғары кәсіби шеберлігін қалыптастыру, әдістемелік дағдыларды қалыптастыру және үнемі өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі бойынша сұрақ-жауап алаңын ұйымдастырды.

Жауап беру