«Ұлағатты ұрпақ» қосымша білім берудің үздік қойылымдары

  2022 ж.18 мамырда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында №1 Өнер мектебінің театр бөлімінің есептік спектаклі өтті, сахнада №1 Г.Хугаевтың «Қара шекпен», Б.Қарымсақтың «Таң дауысы», М. Әуезов «Қанды азу», Н. В. Гогольдің «Үйлену» үздік спектакльдері ұсынылды.

Осы жарқын театрлық спектакльге қатысқандардың барлығы таңғажайып музыка әлемімен қауышып, театр өнерінің ғажайып әрі қайталанбас әлеміне саяхат жасады. Сахнадан классиктер мен қазіргі авторлардың шығармалары шырқалды. Көрермен музыканың әсемдігін, әртістер мен музыканттардың асқан шеберліктерін, ұлттық нақышты бейнелеген декорациялардың әсемдігін бағалады, бұл өз кезегінде сахнаға қатысушылардың әрқайсысын әлемдік музыкалық олимптағы жаңа белестірге және жеңістерге шабыттандырады.

Есептік спектакльде № 1 Өнер мектебінің ұжымы педагогтердің шеберлігін, кәсібилігі мен сауаттылығын және олардың талантты оқушыларының дарындылығын тағы да растады. Спектакль  бір деммен өтіп, көрермендерге театр өнерінен ұмытылмас әсер қалдырды өнерсүйер қауым қошемет көрсетіп ризалығын білдірді.

Жауап беру