Ұлттық құндылық пен салауатты өмір салтын бірге ұстанған алтын ұя

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді. Мектеп еңбекқорлық арқылы терең білімге, эмпатия арқылы жанашырлыққа, руханият арқылы ұлтжандылыққа, салауатты өмір арқылы бақытқа талпынатын қоғамға пайдалы тұлға тәрбиелеуге ұмтылады.

Осы мақсатта мектепте құндылықтарға негізделген білім беруді жүзеге асырып келеді. Құндылықтар жүйесі мұғалімдерге оқушылардың қызығушылығына сай тәрбие жүйесін жүргізуге көмектеседі және оқушылардың саналы түрде білім алуына ықпал етеді.

Құндылықтарға негізделген білім беруді жүзеге асыру мақсатында мектептен 20 мұғалім тренер ретінде оқытылған. Кейін осы 20 мұғалімнің көшбасшылығымен мектеп педагогтері мен ата-аналары жаппай оқытылып, білім сусынын алды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен мектептің белсенді ата-анасы Тұрар Саттарқызының басшылығымен мектепте «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру жобасы жұмыс жасап келеді.

Осындай ұлттық тәрбиеге басымдық беру нәтижесінде  оқушылардың жетістіктері де жоғары деңгейде.

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде тарих пәнінен 9-сынып оқушысы Нұрбекова Гулдана Грамота, жетекшісі Серикбаева Индира Амангелдіқызы, 11-сынып оқушысы Райхан Аяжан 3-орын, 10-сынып Түлемисова Диана Грамота, жетекшілері тарих пәні мұғалімі Бабиева Ұлдай Серікқызы, өзін-өзі тану пәні бойынша 10-сынып оқушысы Мырзабаева Камила Грамота, жетекшісі Кабдрахимова Жанипа Ризабековна. 11-сынып оқушысы Сұлтанқызы Ақпейіл 1-орын, жетекшісі Стамкулова Құралай Шаймерденқызы.

Республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңдерінен жоғары нәтижелерге қол жеткізе білген мектеп оқушылары ғылыми жоба, басқа да додалардан топ жарып келеді. Атап айтар болсақ, пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі бойынша жетістіктерге жеткен ағылшын тілі пәнінен Кенжебаева Дана 3-орын, жетекшісі Оразбаева Раушан Мұхтаргазиновна, орыс тілі пәні бойынша Ахметғали Ақнұр 3-орын, жетекшісі Ергалиева Роза Нұрсұлтановна және Абдрахманова Мира 3-орын, жетекшісі Копенова Гүлмира Құдайбергеновна. Биология пәнінен 11-сынып Искакова Айдана 3-орын, жетекшісі Тумарбаева Қызылгүл Кабылкаковна. Физика пәнінен 9-сынып оқушысы Ердәулет Мәди, 3-орын, жетекшісі Азтаева Мейрамгүл Жанбыршыевна. Химия пәнінен 11-сынып оқушысы Баялин Әділхан 3-орын, жетекшісі Алжанова Капиза Абдкаримовна.

Қалалық ғылыми жобалар конкурсынан 8 «А» жас сарбаз сыныбының оқушысы Асқар Атей ІІІ дәрежелі диплом, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сағын Мейрамгүл Убайдуллақызы.

 Жасөспірімдер олимпиадасы нәтижесі: қазақ тілі мен әдебиеті бойынша Мусабаева Абия Грамота, жетекшісі Архамбекова Майя Кусаиновна. Орыс тілі мен әдебиеті бойынша Ендибаева Алима 3-орын, жетекшісі Қыдыралиева Лаура Токтасынкызы. Ағылшын тілі пәні бойынша 7-сынып Кулушев Бақытжан  2-орын, жетекшісі Шамбулова Ақтолқын Талғатқызы, 8-сынып Садыбекова Аружан 2-орын, жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Абишева Кулшат Сейілбековна. Тарих пәні бойынша 7-сынып оқушысы Нұрахмет Нұрай 3-орын, жетекшісі Бабиева Улдай Сериковна. Математикадан 8-сынып Наурызбай Шұғыла  грамота, жетекшісі Касенова Гулнар Жумабаевна, физикадан Муллаоглу Ахмет 7-сынып 3-орын, жетекшісі Еркебұлан Харакат, физика пәні бойынша 8-сынып оқушысы Арыстамбекова Фатима 3-орын, жетекшісі Мусина Бакыт Кайруловна, физика пәнінен 8-сынып оқушысы Әзімхан Тоғжан 2-орын, жетекшісі Еркебұлан Харакат. Химия пәнінен 8-сынып оқушысы Арманұлы Иманғали 3-орын иеленді, жетекшісі Есиркепова Акерке.

«Зерде» жоба қорғау бойынша нәтиже: Математика, информатика секциясы бойынша Муллаоглу Ахмет, Марат Гүлназым 2-орын, жетекшісі Касенова Гулнар Жумабаевна; Мұхтар Нұрай, Бейсенбай Бейбарыс 3-орын, жетекшісі Тоқшылықова Жаныл Бейсенбайқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша Ілияс Бексұлтан Грамота, жетекшісі Сейсенбай Алтынай.

ІІ қалалық «Құтты білік» оқуларының нәтижесі: «Сыр сандық» номинациясы бойынша Алибекова Дарина 1-орын алды, жетекшісі Нурмуханова Жанар Ергалиевна. «Топжарған» номинациясы бойынша Бахыт Жәннат 3-орын иеленді, жетекшісі Аманова Лаззат Шанбаевна.

VIII «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңінің нәтижелері: «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Мирехан Аяулым – грамота, жетекшісі Жакаева Ф. Т.; «Шешендік өнер» номинациясы бойынша Байболат Гүлден– III орын, жетекшісі Нурмуханова Ж. Е.; «ЭССЕ жазу» номинациясы бойынша Наурызбай Шұғыла – II орын, жетекшісі Исанова Н. Д.

«Астана Дарыны» ДДжПСО ұйымдастырған қалалық Сәкен оқуларында «Сәкеннің сыр сандығы» номинациясы бойынша оқушымыз Төлен Нурай 1-орын алды, жетекшісі Сейдешов О. Б.

Жақында өткен қалалық Ө.М. Сұлтанғазин атындағы математика олимпиадасында 8-сынып оқушысы Наурызбай Шұғыла 2-орын иеленді, жетекшісі математика пәні мұғалімі Касенова Гулнар Жумабаевна. «Астана Дарыны» ДДжПСО ұйымдастырған «Әлемді өзгертетін идеялар»  ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде «Архитектура. Құрылыс» номинациясы бойынша 8 «А» жас сарбаз сыныбының оқушылары Әпсейт Санжар мен Сарқытбек Бақытжан 2-орын иеленді, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сағын Мейрамгул Убайдуллақызы. «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы» ғылыми жобалар конкурсында «Қаныш және жаратылыстану ғылымы» секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Арыстан Әділет 2-орын иеленді, жетекшісі география пәні мұғалімі Бекболатова Багила Баймуратовна. М. Мақатаев оқуларының қалалық кезеңінде «Айтып өткен ақындар арман бар ма?» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Тілеубекқызы Қарақат 3-орын иеленді, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Аманова Лаззат Шанбаевна.

Менің Отаным – менің бастамам шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңіндегі жетістіктерді атап өтер болсақ, «Жақсылық керуені» номинациясы бойынша Кенжерахманова Дана, Алдияр Мөлдір Грамота иеленсе (жетекшісі Рая Келес), «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша Төлен Нұрай мен Құршида Әсем де Грамота иеленді, жетекшісі Зоя Муратхан, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы бойынша Орынбасаров Жансерік 3-орын иеленді, жетекшісі Кабдрахимова Жанипа Ризабекқызы.

Осындай жетістікке жеткен білім ордасы бүгін , яғни 25 сәуір күні қала мектептері арасында өз іс-тәжірибесін таратып, «Құндылықтарға негізделген білім беру» тақырыбында семинар өткізіп жатыр. Бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өскен оқушы – мемлекеттің болашағы. Өйткені бала бойында қазақстандық патриотизм, азаматтық сана-сезім, толеранттылық, жалпы және құқықтық мәдениет қалыптасқанда, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру, өзін-өзі кәсіби анықтауды қалыптастыру, бос уақытын тиімді қамтамасыз етуді де өзін-өзі реттеген оқушы жүзеге асыра алады. Олай болса, Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі ұлттық құндылықтарға тәрбиелей отырып саналы да сауатты ұрпақ тәрбиелеу миссиясын одан әрі дамыта бермек. Әр бір ұлттық құндылық әр отбасынан бастау алып, білім ұясынан тайға таңба басқандай орын алуы қажет.

Жұмағали Ергешбаев, Ғалиахмет Шакиров,

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.