«Ұлы даланың дара ұстазы

 Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Ы. Алтынсариннің есімін, шығармаларын қоғамда кеңінен насихаттау, балалармен жұмыста шығармашылық танытатын креативті және дарынды педагогтерді анықтау масатында қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері арасында «Ұлы даланың дара ұстазы» атты челлендж өткізді.

Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараның Сараптамалық комиссиясы жұмыстарды мына критерийлер бойынша бағалады:

– таңдалған материалдың челлендж тақырыбына сәйкестігі;

– мәнері, іс-қимылы, дауыс ырғағы;

– шығарма мәтінін білу және дұрыс айтылуы;

-сыртқы түрінің сәйкестігі.

Челлендж материалдарының сараптама қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған педагогтер:

1.      Карбаева Динара Еркеновна, №9 «Нұршашу» балабақшасы

2.      Валеева Роза Жолбосыновна,  № 39 «Меруерт» балабақшасы

3.      Копешова Гульнар Нурпеисовна, №87 «Қадыр» балабақшасы

4.      Гибадилова Динара Жумабековна, №89 «Қыз Жібек» балабақшасы.

Челлендждің барлық қатысушыларына сертификат табысталады.

Жауап беру