Әлеуметтік педагогтерге арналған оқыту тақырыбы «Өмірлік қиын жағдайда отбасыларда қолдау бойынша әлеуметтік қызметтердің мекеме аралық өзара іс – қимылы» семинары.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Әл-Фараби» атындағы оқушылар сарайында 2021 жылдың 23 қыркүйегінде «Өмірлік қиын жағдайда отбасыларда қолдау бойынша әлеуметтік қызметтердің мекеме аралық өзара іс – қимылы» семинар тақырыбында әлеуметтік педагогтерге арналған оқыту семинарын офлайн форматта өткізді. Семинардың мақсаты-әлеуметтік жетімдіктің алдын алу саласында жұмыс істейтін органдар мен қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимылының тиімділігін, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. Семинарды Нұр-Сұлтан қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Илья Васильевич Скуб ашты. Өз сөзінде «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» және «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» сияқты ведомствоға қарасты мекемелердің қызметі туралы айтып өтті. Орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасына психологиялық, әлеуметтік және заң көмегін, сондай-ақ отбасы институтын жан-жақты қолдау мен нығайтуды көрсетті.

Семинар барысында педагогтер әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік сипаттағы өзге де сұрақтар қойды. Олар жан-жақты сұрақтарға жауап алды. Семинардың практикалық бөлімінде «Астана – Қорғау» қорының басшысы Рыль Анна, «Үміт» дағдарыс орталығының әлеуметтік қызметкері Байтишова Амина Әбдіғалиқызы, «Ана Үйі» қоғамдық қоры Аренова Сания Сұлтанхамитқызы, білім беруді жаңғырту орталығының Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Рамазанова Айгуль Есенқызы, «SOS Астана балалар ауылы «Отбасыларды қолдау орталығы» жобасының әлеуметтік қызметкері Литвинова Анастасия, «Ана үйі» ресурстық орталығының басшысы Серікбаева Райгүл өз жұмыстарымен алмасу бойынша баяндама жасады. Литвинова Анастасия – «SOS Астана балалар ауылы» отбасыларды қолдау орталығы жобасының әлеуметтік қызметкері, Серікбаеварайгүл Владимировна – «Strongmother NS» ҚҚ басшысы, әлеуметтік кәсіпкер, «Bilimall» оқу орталықтарының директоры, көп балалы ана, волонтер.

          Нәтижесінде, әлеуметтік педагогтерге ведомствоаралық қызметтермен өзара әрекеттесу ұсынылды. Қатысушылар оларға сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады, семинарды ұйымдастырушыларға қызықты және танымдық семинар үшін алғыс білдірді және осылайша семинардың қызықты және танымдық өтуіне өз үлестерін қосты.

          Жалпы, әлеуметтік педагогтерге арналған оқыту семинары барлық қатысушылар үшін нәтижелі өтті. Педагогтер одан әрі ынтымақтастық орнату және өмірлік қиын жағдайда отбасыларды көрсету үшін мамандармен байланыс телефондарымен алмасты.

Leave a Reply