«Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі»

2021 жылғы 8 сәуір күні Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығы және Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен  Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі» республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясы өтті.
Республикалық ғылыми-педагогикалық конференция жұмысына   жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, сонымен қатар республикамыздың жалпы білім беру ұйымдары ұстаздары және колледж студенттері қатысты.
         Іс-шараның мақсаты  Әл-Фараби мұрасы арқылы педагогтердің ойлау-пайымдау қабілеттерін арттырып, ғылыми-шығармашылық бағыттағы ізденістеріне қолдау көрсету және екінші ұстаз ілімдерінің педагогикадағы ролін  кеңінен насихаттау.
Республикалық ғылыми-педагогикалық конференция жұмысы барысында пленарлық отырыс және ғылым, өнер, әдебиет және тәрбие секциялары ұйымдастырылды.
Секция жұмыстары жақсы жүргізіліп, баяндамалар мәнді ғылыми тұжырымдарымен көзге түсті және республикалық ғылыми-педагогикалық конференцияның терең мазмұнын ашқандығын атап өту жөн.
Конференция қатысушылары іс-шараның жоғары кәсіби деңгейде өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға аталмыш іс-шараны дайындағаны үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Leave a Reply