Ә. Марғұлан атындағы №40 орта мектепте әдістемелік күн

2021 жылғы 19 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, аттестатталатын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ә. Марғұлан атындағы №40 орта мектепте әдістемелік күн ұйымдастырды. Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова педагогтерді аталған іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстырды.

Әдістемелік күн барысында аттестатталатын 16 мұғалім «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Математика», «География» «Физика», «Информатика», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша  сабақ өткізіп, өздерінің жұмыс тәжірибесін көрсетті.

 Орталық әдіскерлері іс-шара аясында ұсынылған әрбір сабақ бойынша  мұғалімге  бақылау парағы мен кері байланыс беріп, әдістемелік көмек көрсетті.  Әдістемелік күн рефлексиямен аяқталды, онда сабақтарға талдау жүргізіліп, педагогтер ой-пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply