Әдістемелік қенес беру сағаты

2021 жылдың 9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастырумен «Әдістемелік қенес беру сағаты»  жобасы аясында   «Казақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі педагогтеріне арналған әдістемелік семинар өтті.

Іс-шарада «Инновациялық жұмыстарды жүргізу туралы», «Педагогтердің кәсіби дамуын әдістемелік қолдау», «Педагогтердің авторлық әзірленімдерді дайындау талаптары», «ТжКБ жүйесіне орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізудің ерекшеліктері», «Колледж педагогтерінің әдістемелік жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру»  т.б. өзекті тақырыптары қарастырылды.

     Семинарға Білім беруді жаңғырту орталығының  өкілдері  Байтасов Д.Д., Шаяханова Р.А., Рамазанова А.Е.,  Айгараева Р.Р., Марат М.М., Алишева И.С.,Исина Н.С., «Өрлеу» БАҰО АҚФ Нұр – Сұлтан қ. бойынша ПҚ БАИ  аға оқытушы, тренері     Боранбаева Л.К. қатысты, сондай-ақ  Нұр-Сұлтан  қаласы педагогтерінің Ассоциация мүшелері  Қазтұтынуодағының  жоғары сауда-экономикалық колледжінің оку -әдістемелік жұмысы бойынша  Ибраева Л.И.,  директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Талап» КЕАҚ штаттан тыс жаттықтырушысы және Суюндикова С. О., колледждің оқу –өндірістік  жұмысы бойынша  директордың орынбасарлары қатысты. Педагогтер педагогикалық қызмет бағыттары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Жалпы 50  колледж педагогтері қатысты.

One comment

  1. 2021 жылдың 09 қараша күні «Казақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің қабырғасында Білім беруді жаңғырту орталығы басшының орынбасары Д. Байтасовтың басшылығымен өткен «ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС САҒАТЫ» жобасы аясында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуге арналған семинар-практикум өткен болатын. Осы шараны ұйымдастырып, білім саласында кәсіптік деңгей көтерудегі алға қойылған міндеттерге қол жеткізудегі еңбектеріңіз үшін әріптестерімізге, ұжымымыздың атынан ризашылығымызды білдіреміз!

Leave a Reply