«Әдістемелік қенес беру сағаты»  жобасы аясында   «Сервис және туризм»  колледжіне  педагогтеріне арналған әдістемелік семинар

2021 жылдың 11 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастырумен «Әдістемелік қенес беру сағаты»  жобасы аясында   «Сервис және туризм»  колледжіне  педагогтеріне арналған әдістемелік семинар өтті.

         Семинарда техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелері қарастырылды, оның ішінде «Колледж педагогтерінің әдістемелік жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру», «Инновациялық жұмыстарды жүргізу туралы», «Педагогтердің кәсіби дамуын әдістемелік қолдау», «Педагогтердің авторлық әзірленімдерді дайындау талаптары», «ТжКБ жүйесіне орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізудің ерекшеліктері» және  т.б.

         Әдістемелік іс-шарада Білім беруді жаңғырту орталығының  өкілдері  Байтасов Д.Д., Шаяханова Р.А., Рамазанова А.Е.,  Айгараева Р.Р., Алишева И.С., «Өрлеу» БАҰО АҚФ Нұр – Сұлтан қ. бойынша ПҚ БАИ Гуманитарлық және жаратылыстану әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Имангалиев Б.С. және  аға оқытушы, тренері Боранбаева Л.К., сондай-ақ  Нұр-Сұлтан  қаласы педагогтерінің Ассоциация мүшесі Жоғары  қөлік  және коммуникация колледжінің оку ісі  жұмысы жөніндегі   Есенбекова А.Е. қатысты.

          Жалпы 75  колледж педагогтері қатысты.

Leave a Reply