Әдістемелік қенес беру сағаты

2021 жылғы 21 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастырумен «Әдістемелік қенес беру сағаты»  жобасы аясында   «Құрылыс- техникалық колледжі» МКҚК педагогтеріне арналған семинар-практикум өтті.

      Әдістемелік қолдау көрсету максатында «Инновациялық жұмыстарды жүргізу туралы»,«Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау», «Педагогтердің авторлық әзірленімдерді дайындау талаптары», «ТжКББ ұйымдарында  заманауи оқу үрдісін  ұйымдастыру»,«Студенттермен тәрбие жұмыс жасаудың ерекшеліктері» т.б. тақырыптар қарастырылды.

            Семинарға Білім беруді жаңғырту орталығының Байтасов Д.Д., Тенисбаева А.Б., Рамазанова А.Е., Ахметова Қ.Қ., Алишева И.С., Исина Н.С. өкілдері және Нұр-Сұлтан  қаласының педагогтерінің Ассоциациясының мүшелері Сатова Г.Р., Сервис және туризм колледжінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, Хатпина Б.Ж., «Даналық» жоғары медицина колледжінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, Мылтыкбаева Ж.Т., Жоғары транспорт және коммуникация колледжінің әдіскері қатысты.

            Әдістемелік іс-шара барысында дәрістер, шебер-сыныптар, әдістемелік кеңестер және тренингтер ұйымдастырылды. Педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды сонымен қатар әдістемелік материалдар және әдістемелік ұсыныстар таратылды. Жалпы 63  колледж педагогтері қатысты.

Leave a Reply