«Әдістемелік десант» жобасы аясындағы семинар-практикум

2022 жылғы 9 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы «Әдістемелік десант» жобасы аясында «Baby Boom Education» жекеменшік балабақшасының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналған семинар-практикум өткізді.

Іс-шара барысында Орталық басшысының орынбасары  Д. Байтасов педагогтерге  аталған басқосудың бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңа оқу жылындағы жаңалықтарға тоқталып өтті.

Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова Мектепке дейінгі ұйымдарда 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу- білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін слайд-презентациямен түсіндірді.

Перспективалық жоспар және циклограмманы жазу үлгісін  мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскерлері Қ. Көшен және Ж. Ахметова көрсетті,  ал М. Боранбаева баланың жеке даму картасын толтыру талаптарын таныстырды.

Инновация және ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Р. Шаяханова «Эксперименттік алаң және инновациялық жобаларды енгізу» тақырыбында сөз сөйледі.  

 Семинар-практикум рефлексиямен аяқталды. Іс-шараға қатысқан педагогтерден онлайн кері байланыс Google форма қосымшасы арқылы ұйымдастырылды. Орталық әдіскерлері  тәрбиешілердің перспективалық жоспар және циклограмманы жазу,  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерінің білімі мен дағдысы туралы және тағы да басқа көптеген сұрақтарына толыққанды жауап берді.    «Әдістемелік десант» жобасы аясындағы жұмыс жалғасын табады.

Жауап беру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.