«Әдістемелік десант жобасы»

«Әдістемелік десант жобасы» аясында 2022 жылғы 9 -10 ақпан күндері  №14  және  №25  білім беру ұйымдарына  семинар-практикум  өткізілді.

Мақсаты: мектептің педагогикалық ұжымына тиімді әдістемелік көмек және қолдау көрсету. Нәтижеге бағытталған білім берудің өзекті мәселелерін шешу, функционалдық сауаттылықты дамыту, сабақта критериалды бағалау, әдістемелік бірлестіктердің жұмысы, дарынды балалармен жұмыс және тәлімгерлік.

Әдістемелік десанттың бірінші бөлімінде Білім беруді жаңғырту орталығының басшысы Мадеев Сабыржан Маратұлы жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерімен таныстырды, сондай-ақ мектептік және инновациялық жобаларды, авторлық бағдарламаларды енгізу, цифрлық білім беру бағдарламалары мен платформаларын сабақта пайдалану, мұғалімдерді аттестаттау мәселелері де қарастырылды. 

Шараның екінші бөлімінде әдіскерлер пән мұғалімдеріне сабақты жоспарлау, БЖБ мен ТЖБ құрастыру, сабақта педагогикалық технологияларды қолдану бойынша онлайн кеңестер берді. Мектеп әкімшілігіне мектепті дамыту бағдарламасының проблемалық мәселелері, мектепті жоспарлау және мектепішілік бақылау бойынша жеке кеңес берілді.

Әдістемелік десант жұмысының соңында рефлекция жасалды.

Жауап беру